Ұлы дала елі

«Ұлы дала елі –Тәуелсіздіктің 25 негізі»

23.11.16. мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі –Тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы бойынша патриоттық шара өтті.

Бастауыш сынып оқушыларымен кітапханашы Садуакасова С. ұйымдастыруымен еліміздің тәуелсіздік жолына тарихи шолу жасалды. Оқушылар өлеңдерін арнап, Отанына тілектерін жазды.

Мәжіліс залында 5-11сынып оқушылары мен ұстаздардың қатысуымен «Ұлы дала елі- Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты патироттық шара өтті. Жұлдызды 25 күннің әрқайсысына тоқталып, елімізге әр атаудың маңыздылығы мен ерекшелігі айтылды.

Соңынан оқушылар далаға шығып 25 санынын ерекше сүйіспеншілікпен құрды.

 

Және де бүгінгі күн - «Мемлекеттік шекара» күнінде №3 орта мектеп оқушыларымен шекара қызметкерлерінің қатысуымен сайыс өтеді.