Ғылым және ақпараттық технологиялар

30 қараша- 25 жұлдызды күннің «Ғылым және ақпараттық технологиялар» күні. Осы  күнге  орай  мектепте  7А сыныбында  информатика пәнінен  ашық сабақ, 10-11 сынып оқушыларымен  «Ғылыми жұмыстар – дамуға жол»  атты пікірталас  өткізілді.

Ашық сабақтың мақсаты: Енгізу, шығару және меншіктеу операторларының  көмегімен есептер шығару  арқылы  шыққан   сандардың   Тәуелсіздігімізге   қатысын   айқындау.

Ашық сабақтың   қолдану дағдысын  қалыптасыру кезеңінде  «Қазақстан» , «Республика» , «желтоқсан»  сөздері  экранда шығатындай  бағдарлама  құрылса,   математикалық амалдардың  нәтижесінде 16,  1991,  25 сандары,   сын дағдысын қалыптастыру кезеңінде   сөзжұмбақ шешіліп, кілтті  сөз «Independence»  (қазақшаға аударғанда  «Тәуелсіздік»)  шықты.  Рефлексияда  осы  нәтижелерден  қорытындыны оқушылар  өздері жасады. 

Сыныптан тыс іс-шараның мақсаты: Оқушыларға   ғылыми  жұмыстарға қойылатын   талаптар туралы  түсініктер беру.

8-10 сынып оқушылары арасында   төмендегі   сауалдар бойынша   пікір таласты:

1.      Ғылыми зерттеу   жұмыстарының кезеңдері;

2.      Ғылыми  жобаға тақырып таңдау;

3.      Зерттеу тақырыбы бойынша   әдебиеттерді зерделеу;

4.      Зерттеу жұмысының   жоспарын құру;

5.      Ғылыми жобаны   рәсімдеу.

Пікір-талас барысында   оқушылар  3 топқа бөлініп, әр сұрақ бойынша өз  ойларын   ортаға  салып,  өзектілігін   басқаларға жеткізуге  талпынды.

 

 

Барлық іс-шараларға   жаратылыстану-математика   бірлестігінің  барлық   мұғалімдері қатысты.