Ядролық қарусыз әлем

29 қараша- «Ядролық қарусыз әлем» атты жұлдызды күн.

Мектепте барлық сыныптарда «Қазақстан-ядролық қарусыз бейбіт өмірді қолдайды» бейбітшілік сабағы өткізілді.

Мақсаты:Адамзат өміріне қауіп төндірген Семей полигоны, қатерлі қару зардабының әкелген қасіреті туралы, полигонды жабу жолында ерен еңбек еткен адамдарды танып білу арқылы, болашақ ұрпаққа қасиетті ата-баба жерін сақтап қалу патриоттық сезімін арттырып,  Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

 

Тәрбие сағаттарында Семей полигонында болған шындықты көрсететін суреттер қолданылды.