Слайд көрсетілімінің көмегімен тәрбие ісінің меңгерушісі Дауенова Г.З. ақпараттық түсінік беріп, Қазақстан Республикасының бала құқықтары Уәкілімен, оның атқаратын жұмысымен таныстырды.

  Мектеп психологі Смайлова А.С. «Мен саған сенемін» деген бағытта оқушылар мен мұғалімдердің қатысумен психологиялық тренингтар өткізді. Соңынан сынып жетекшілерге оқушылармен өткізуге арналған  «Өзіңе сенімдісің бе?» атты сауалнама таратылды.Сабақ соңында «Сенім шырағын сөндірме» атты бейнефильм көрсетілді.