Президент күні

1 желтоқсан- «Қазақстан Республикасы Президенті институты» 25 жұлдызды күнінде «Елбасы күні- елдікке құрмет» атты тәрбие сағаттары өтті.

Тәрбие сағаттары сыныптардың жас ерекшеліктеріне орай түрлі әдістермен ұйымдастырылды.

 

Бастауыш сынып оқушылары Тұңғыш Президенттің өмірімен, балалық шағымен, отбасымен   танысты. Сыныпта буклет дайындалып, бұрыш жасалды.

 

Орта буын оқушылары Тұңғыш Президенттің еңбек жолына шолу жасады. Сұрақтарға жауап берді, тақырыптық сурет салды.

 

4а-сынып оқушыларымен Президент кабинетінде бастауыш сынып мұғалімі М.К.Жусупова дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге тәрбие ісінің меңгерушісі Г.З.Дауенова қатысты.

Жоғары сынып оқушыларымен еліміздің өткен шағы, осы шағы, болашағы туралы пікір алмасты. Елбасының ерекше қасиеттерін үлгі тұтты.