Наурыз мейрамы

Кітаханашы Садуакасова Самалдың ұйымдастыруымен кітапханада «Бесікке салу» салт-дәстүрі көрініс түрінде көрсетілді.Көреремендерге «Ойлан, тап» салт-дәстүрге арналған викториналық сұрақтар қойылды.

Барлық сыныптарда «Мәңгілік ел—қазақ елі» атты тәрбие сағаттары өткізілді.

Мектепте биылғы Наурыз мейрамы басқа жылдан ерекше бағыт, ерекше мақсатпен өтті. Өйткені, мейрамдық бағдарламаға әр сыныптың ата-аналары ұлттық салт-дәстүрлерді өздерінің күшімен көрсетті. Мұндай бағыттың мақсаты: Ата-ана мен балалардың арасын жақындату. Күнделікті өмірде отбасылық тәрбие мен ұлттық тәрбиені оқушылар мен жас ата-аналар  бойына  дарыту.Үлкенді сыйлау, үлкеннің сөзіне тоқтам жасау және т.б. салт дәстүрлерді үлгі ету, ұлттық тәрбиеге баулу.

 

-18 наурыз күні мектептің мәжіліс залында  бастауыш сыныптар оқушыларының - «Қош келдің, әз Наурыз!» мейрамы өтті. Наурыз мейрамы әдемі би, ән шашудан басталды. Аналар бастаған, Қыдыр баба қолдаған «Наурыз қоржыны» керуені  келді.