Мектепте мұғалімдер күніне оқушылар алдымен құттықтау қабырға газеттерін және ашық хат шығарып жолдады. 11-сынып оқушылары өзін-өзі басқару күнін ұйымдастырды. 11-сыныптың сынып жетекшісі Омарова Гульвира Байдрахмановна. Оқушылар пәндік сабақтар мен мектеп әкімшлігі рөльдерін бөліп алып,  соңына дейін өз істеріне жауапкершілікпен жауап берді. Сабақтан кейін мәжіліс залында концерттік бағдарламаларын ұсынды. 4 бірлестік мұғалімдерін топ-тобымен сахнаға шығарып, түрлі сұрақтар, тапсырмалар арқылы ұстаздарының көңілдерін көтерді. Мектеп оқушыларына мектеп директоры Н.О.Жакупова шын ризашылығын білдіріп, мұғалімдер атынан алғысын білдірді. Соңынан баршаның орындауында «Ұстазым» әні шырқалды.

 

Аудандық «Маралды» газетіне 28 қыркүйек 2017 жыл, № 38  Қазақстан Республикасының «Білім беру саласының үздігі» медалі марапатына ие болған Дауенова Г.З. туралы «Ұлағатты ұстаз» атты мектеп ұжымы атынан мақала берілді. #Мұғалімдеркүніпавлодар