Күзгі демалыс

-31 қазан- Патриот күнінде дене дайындығын арттыру, патриоттық тәрбие беру, әскери-патриоттық іс-шараларға қатысуға ынтасын күшейту, демалыс уақытын қызықты өткізу мақсатында әскери-патриоттық «Жігер» клубы оқушылармен  «Мәңгілік ел жастары» атты пікір алмасу сағаты жүргізілді.Сонымен қатар газтұмылдырық кию, автомат бұзып жинау, ОЗК кию, дәлдеп ату және басқа да әскери қолданбалы спорт түрлерінен жарысып, өз білімдерін арттырды.

-1 қараша күні-Отбасы күніне байланысты мектепте «Жыл отбасы» конкурсын өткізу үшін мұғалімдермен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Үлгілі отбасын анықтау төмендегідей қағидалар (кретерий) бойынша анықталатын болады деп шешілді:

     1)    2 баладан жоғары отбасы қатыстырылады

     2)    Балаларының тәртібі, оқуы қарастырылады

     3)    Ата-аналардың белсенділігі- қоғамдық жұмыстарға, яғни мектеп өміріне араласуы

     4)    Ата-аналар жиналысына қатысуы

 

Соңында 3 отбасы жинақталады. Аты-жөндері конвертке салынады, (үш отбасы да жарияланады) ата-аналарға арналған іс-шарада бір отбасы осы конверттен суырылады, сонымен  «Жыл отбасы» анықталады.

-2 қараша Спорт күні. Каникул кезінде спорт зал үнемі ашық болды, мектепке келген оқушылармен әр түрлі спорттық ойындар, жарыстар ұйымдастырылды.

 

-3 қараша- «ЭКСПО-2017» күні. ЭКСПО күніне «Біздің тартуымыз» атты қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.

-4 қараша- «Жас ұлан» күні. 2-тоқсанда «»Жас ұлан« ұйымының көшбасшысыны сайлауы ұйымдастырылуына байланысты сайлауға қатысатын оқушылармен «Оқушылар көшбасшысы қандай болу керек?» сауалы аясында дөңгелек үстел өткізілді.

 

5-қараша – Кәсіптік бағдар күні. Осы күні «Кәсіпке бағдар» атты бағытта маман иелерімен кездесу өткізілді. Кездесуге аудандық қорғаныс бөлімі, төтенше жағдай бөлімі, «Дархан» шекара қызметі, Шарбақты аграрлық техникалық колледжі қатысты. Келген маман иелері оқушыларға алдын ала дайындық кезеңдері туралы әңгімелеп берді.