«Индустрияландыру» күні

12 желтоқсан - 25 жұлдызды күннің «Индустрияландыру» күні. Бұл күні мектептің жоспары бойынша еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Шараның тақырыбы: «Мәңгілік ел- мәңгілік тәуелсіздік тұғыры».

 

Қатысқан сынптар: 2а,2б,5а,5б, 9,10,11-сыныптар

Қатысқан ардагерлер: Шарбақты ауданының құрметті азаматы- Қаһарман Қаматайұлы, ардагер ұстаздар- Табылды Қанапияұлы, мектептің алғашқы директоры  Гүлстан Сағынтаевна, ардагер ұстаздар  Галия Төлешовна, Шолпан Қабдрашитқызы, Неведомская Галина Иосифовна, құрметті қонақтар – мектеп мұғалімі Насір  Женсикбайұлы, еңбек ардагері Гүлнар Капсалямовна, қайырымдылықпен айналысып жүрген жас кәсіпкерлер Луиза, Аза Вельхиевалар.

-Қонақтар «Мәңгілік ел» болу жолындағы істеген еңбектері мен Тәуелсіздіктің тарихы туралы, қазақ халқының  әлемге танымалдығы жолындағы тарихынан әңгімелеп берді.

-Оқушыларды ардагерлер «Жас қырандар» мен «Жас ұландар» тобына қабылдады. 

«Мәңгілік ел» құрметіне ,құрметті қонақтар құрметіне Кабдулинова Анель орындауында ән шашу жолданды.

 

-Соңынан оқушылар тәуелсіздіктің туын жықпай ұстау, бабалар аманатын орындау біздің еншімізде деп қорытынды жасады.