Жолдауды талқылау

              Бүгінгі таңда ҚР даму кезеңінде Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халыққа «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы» атты жолдау жасап отыр. Еліміздің 25 жыл көлемінде саяси- экономикалық , әлеуметтік дамуында түрлі реформалады іске асыра отырып, әлемдік аренада бой көрсетуі тікелей Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында екені баршамызға мәлім. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға шығып, ел болып бірігіп, қандай қиындықтар болса да  мемлекетті экономикалық күйзеліске ұшыратпағанымызды бүкіл әлем мойындап отыр. Осындай мықты тәжірибе жинақтаған Қазақстан халқы Елбасымыздың Екінші жаңғырту «Қазақстан 2030»  стратегиясын іске асыруда ел болып еңбек етіп, әлемдегі экономикалық бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына енді. Бүгінгі таңда Елбасымыз біздің алдымызға тағы да мақсатты істер қойып отыр. Елбасы білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс екендігін атап айтты. Үстіміздегі 2017 жылы «Баршаға арналған тегін кәсіптік техникалық білім беру» жобасы іске асырылмақшы. Тегін оқумен ең әуелі жұмыссыз және өзін- өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар , басқа да еңбекке қабілетті азаматтар қамтылуы қажет екендігін айтты. Үш тілді оқытуға кезең- кезеңімен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірленбекші.   Елбасымыз Ағылшын тілін меңгермей,  Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайтынын  айтты. Сондықтан, 2019 жылдан бастап 10- 11 сынып оқушыларына биология, химия, физика, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту бағдарламалары іске асырылмақшы. Бұл мақсатта педагогтардың біліктіліктерін арттыру курстары өтеді. Білікті педагогтардың жетіспеуіне байланысты бұл бағытты - ағылшын тілінде оқытуды, кезең- кезеңімен енгізу керектігін атап айтты.

     «Білімді ұрпақ- ел болашағы»-,  дей отырып, білім беру жүйесіндегі білімді ақпараттандыру, жаңа технологиялармен сапаландыру мақсатында үстіміздегі оқу жылында «Робототехника» бағдарламасы іске асырылмақшы. « Болашаққа 100 қадам»  ұлт жоспарын іске асыру мақсатында «Шарбакты ауданының  Абай Құнанбаев атындағы ОЖББ мектебінде»  Назарбаев Зияткерлік мектебінде бастау алған «100 кітап» және «Қоғамға қызмет ету»  жобалары іске асырылып отыр. Жас ұрпақты білімді,өз Елінің патриоты,жан-жақты ,қоғамға қызмет ете алатын азамат етіп тәрбиелеуде ұжым болып еңбек етемІз. Еліміздің игілігі үшін, қоғаммен біріге отырып , барлық істерді жауапты  орындауға күш саламыз.

 

 

       Абай Құнанбаев атындағы ОЖББ мектебінің  директоры:  Н.О.Жакупова