Еңбек күні

Мектепте мектеп директорымен бекітілген жоспармен іс-шаралар атқарылды.

-Кітапханада «Қазақстанның еңбек ерлері» атты сөре жасалды, оқушыларды ол адамдардың еңбек жолдарымен таныстырылды.

-Және кітапханада жоғары сынып оқушыларымен  «Еңбек болашағы» атты интеллектуалды танымдық шара ұйымдастырылды.

-«Бақыттың кілті еңбекте» деген ұранмен технология пәні мұғалімдерімен  оқушылар арасында сурет салу, қолдан түрлі заттар жасау конкурсы өткізілді.

-Барлық сыныптарда «Еңбек адамын ардақтайық» атты тәрбие сағаттары өткізілді.

 

-4а- сыныбы аудандық кітапханада еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастырды. Сынып жетекшісі- Жусупова М.К.