«Ақ орамал» атты республикалық акция

22.08.16. күні мектепте тәрбие ісінің меңгерушісі Дауенова Г.З. ұйымдастыруымен «Ақ орамал- бейбітшілік символы» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар қатысты. Аудандық мұсылмандар әйелдері лигасының жетекшісі Сейтахметова Зура Садыковна және лига мүшелері Ләйлә апай мен Күлпаш апай шақырылды.

Дөңгелек үстел «Ақ орамал» акциясының мақсаты мен маңыздылығын ашты. Пікір алмасу арқылы ой- пікірлер айтылды. Көгершін суретіне тілектерін жазып жер шары ілінген тақтаға мәңгілік тыныштық, бейбіт өмір болсын, орнасын деген ниетпен көгершіндерді ілді.

Мектеп мұғалімі Жусупова М.К. ақ әжелерге өз отбасына қымбат зат, тарихи маңызы бар «ақ бөртпе шәлісін» сыйға ұсынды.

Қатысушылар барша әлем жұртшылығына «Үндеу» қабылдап, жолдады.

Бұлақтың суындай тазалық, мөлдірлік, жақсы өмір тілеп «Ақ бұлақ» әні домбырада орындалды.

Соңында далаға шығып ақ шарларға «Үндеу» байланып ұшырылды.

Аталмыш дөңгелек үстел қатысқан адамдарға ерекше көңіл, рухани азық сыйлады.