25 мамыр- соңғы қоңырау

Соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиын «Қош бол, сүйікті мектебім» атты тақырыппен өтті.

 

Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Негманова Ризагүл Алексеевна, аудандық оқу бөлімсінің маманы Тезекбаева Ерке Бақытбековна және мектептің ардагер ұстаздары, демеушілер, құрметті қонақтар қатарында келіп отырған мектеп түлектері қатысты.Ризагүл Алексеевна құттықтау сөзін жолдады.

 

Облыстық білім беру  басқармасының бастамасымен «Мектепке тағзым» атты акция бастау алды.Мектеп түлектері шақырылып, оларға  арнайы орын бөлінді.

Мектеп директоры оқу озаттары мен жеткен жетістіктеріне байланысты мұғалімдерге мақтау қағаздарын табыстады.

11-сыныптың алғашқы ұстаздары Хочиева Назира Қауланқазы тілегін өзі шығарған өлең жолдарымен жеткізді.

 

 

Мектеп түлектері атынан кезінде алдыңғы қатардағы оқушы болып, қазіргі уақытта ауданның белсенді азаматы Қайырханов Қабдрашит Алтайұлы сөз алып, бүгінгі салтанатты қатысып отырған түлектермен оқушы мен мұғалім жайында көрініс көрсетті.

 

11-сынып оқушылары мектеп қабырғасындағы соңғы  билерін биледі.

1-сынып оқушылары әкеліп берген шарларын бірге ұшырды.

Ата-аналар атынан Ибрагимова Қарлығаш Қалеловна сөз сөйлеп, ұстаздарға алғысын білдірді.

 

 

 

Салтанатты жиынна кейін соңғы тәрбие сағаты ұйымдастырылды.