1 қыркүйек- Білім күніне арналған салтанатты жиын

«Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны «Сәлем, саған сүйікті мектебім!» атты тақырыппен өтті. Білім күні мерекесі- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және еліміздің Конституция күніне арналды.

Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары- Негманова Ризагүл Алексеевна, аудандық оқу бөлімінің маманы – Тезекбаева Ерке Бақтыбек,Шарбақты ауданы кәсіпкерлері қоғамының төрағасы Карашашев Темірболат Жантемірұлы,Шарбақты ауданының құрметті азаматы Загитов Қаһарман Қаматайұлы құттықтау сөздерін айтты. Және шақырылған қонақтар-мектебімізде еңбек еткен ардагер ұстаздар, ауылдың қадірлі ақсақалдары мен ақ жаулықты аналары, республикалық «Мектепке жол» акциясына жылда белсенділік танытатын демеушілер жиынға қатысты.

Жиын барысында мектепке жаз мезгілінде жеткен жетістіктері үшін аудандық оқу бөлімінің марапаттары табысталды.Атап айтқанда жаз мезгілін ұйымдастыру жұмыстарында оқу бөлімінің қорытындысы бойынша 2-орын, «Бала достары» аудандық пед жасақтары конкурсында 2-орын. 

1-сыныптар өз дайындықтарын көрсетті, «Біз мектепке дайынбыз!» деген сөздерін айтты. 11-сынып оқушылары 1-сынып оқушыларына өз жолдамаларын, тілектерін айтты. 1-сыныпқа шақырылған қонақтар және 11-сынып оқушылары ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан әзірленген «Менің Отаным -Қазақстан» атты кітабы сыйға таратылды.

«Алғашқы қоңырау» соғу рәсімін «Қоңырау соғу шеңберіне» 1-сынып оқушылары жиналып баршасы орындады.

 

Соңынан барлық сыныптарда «Мәңгілік ел» патриоттық  актісі аясында «Мен өз елімнің патриотымын» атты бірегей алғашқы сабақ өтілді.