1 маусым- Балаларды қорғау күні және жазғы лагерьдің ашылуы

Сағат 9/00-ден бастап мектепте мерекеге жиналған оқушылармен ұлттық «Асық»  және «Ат жарыс» ойындары ойналды.

 

Ойындарға оқушылар қызығушылықпен қатысып, көңілдерін көтерді.

 

Сағат 9/45-те лагерьдің ашылу мерекесі басталды.

 

Ертегі кейіпкерлері қойылым қойып, балаларды ойнатты, көңілді билер билетті. Жаз мезгіліне байланысты жұмбақтар шешкізді.Мектеп директоры  Н.О.Жакупова оқушыларды жаздың басталуымен «Жаншуақ» лагерінің ашылуымен құттықтады.

 

Соңынан мүмкіндігі шектеулі Садвакасова Жанельге заттай сыйлық, ал Аңсаған Күнсұлуға Шарбақты ауданы төтенше жағдайы (ЧС) бөлімінің бастығы Н.С. Есімхановтың Астана-«ЭКСПО-2017» ге сыйлаған бір билетін табыстады.

 

«Жаншуақ» лагерінің туы көтерілді.

 

Барлық оқушылар аудан орталығында өткізілген мерекеге қатысты, балмұздақ жеді. Одан мектепке келгесін осы күнге дайындалған тәтті сыйлықтары үлестірілді.