1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мейрамы

"Жасасын достық, ынтымақтастық!"- плакат, сурет конкурстары ұйымдастырылды.

Кітапханада кітапханашының ұйымдастыруымен "Ынтымағы жарасқан бір тұтас ел" атты - әдеби-альманах өткізілді.

Барлық сыныптарда Қазақстандық патриотизм бағытында "Ынтымағы жарасқан ел", "Бейбітшілікті сақтайық" атты тәрбие сағаттары жүргізілді.

Мектеп оқушылары «Достығы жарасқан- "Мәңгілік ел"» тақырыбымен өткізілген мектепішілік мерекелік концерттік бағдарламаға қатысты. Мәжіліс залында өткен «Достығы жарасқан- "Мәңгілік ел"» атты концерттік бағдарлама барша оқушылар мен ұстаздардың орындауында «Атамекен» әнімен аяқталды. 

Соңында мектеп директоры ұстаздар мен оқушылар қауымын халықтар бірлігі күнімен құттықтай отыра, мерекелік шараға жоғары баға беріп, алғысын білдірді.