Мектеп жаңалықтары


Асық ату

Ұлттық «Асық» ойынын жаңғырту мақсатында 12 желтоқсан күні мектеп «Асық ату» ойынынан аудандық турнир ұйымдастырды.


Тәуелсіздік мерекесі

Мектепте Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жоспарлы іс-шаралар атқарылды.

Мектеп кітапханасы кітап сөресінде Елбасына, Абай Құнанбаев шығармашылығына және «Рухани жаңғыру» жобаларына арналған көрме ұйымдастырылды. Жоғары сынып оқушылары плакаттар, 1-6 сынып оқушылар сурет салып, көрмеге орналастырды.


«Сенім 111»

Мектепте ақпараттық кампанияның ұйымдастыруымен бүкілмектептік «Сен жалғыз емессің!» атты ұранмен сабақ өткізілді. Сабақ мектептің мәжіліс залында өтілді.Сабаққа мұғалімдер, ата-аналар, 5-11 сынып оқушылары қатысты.


«Бала құқығы- адам құқығы» атты республикалық онкүндік туралы мәлімет

Мектепте онкүндік аясында түрлі шаралар ұйымдастырылды. Барлық сыныптарда жас ерекшелігіне сай «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын!» атты адамға көрсетілетін зорлық түрлері және онымен күресу жолдарына байланысты және «Құқықтық білім-ел болудың бастамасы» атты оқушылардың құқықтық білімдерінің біліктіліген арттыру мақсатында зияткерлік бағытта тәрбие сағаттары өткізілді


Тіл ашар

27 қыркүйек күні 1-сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Жусупова Майра Кабибуловна «Тіл ашар» мерекесін өткізді.

Мерекеге оқушылардың ата-аналары, ата-әжелері және мектеп әкімшілігі қатысты. Оқушылар мұғалімімен оқу-білім , мектеп туралы дайындаған өлеңдерін оқыды. Оқу құралдары туралы көрініс көрсетіп, өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар мұғалімнің жасырған жұмбақтарын шешіп, ата-аналардың қатысуымен мақал- мәтелдерді аяқтады. Әжелер шашуларын шашып, тілектерін жолдады. Соңында мектеп директоры Жакупова Н.О. оқушылар мен ата-аналарды мерекемен құттықтады. М.К. Жусуповаға сәттілік тіледі.

 

 


Мұғалімдер күні

Мұғалімдер күніне  арналған іс-шаралар 26 қыркүйектен «Мұғаліміңді құттықта!» атты республикалық акция аясында ұйымдастырылды.


« Аман-сау жүрші, қарттарым!» атты  мектепішілік  іс-шара

29 қыркүйек күні мектепте « Аман-сау жүрші, қарттарым!» атты концерттік бағдарлама өткізілді. Шараны 8а, 8б- сынып оқушылары дайындады. 8а-сынып жетекшісі Есімханова Айтжамал Мадатовна. 8б-сынып жетекшісі Жумангалиева Айгерім Бегендиковна.

 

Қарттар күніне арналған мерекеге мектептің ардагер зейнеткер ұстаздары, зейнеткер қызметкерлер және мектептегі үлкен жастағы мұғалімдер шақырылды.

 

Шараға келген қонақтарды оқушылар раушан гүлдерімен қарсы алды. Арнайы қабырға газеттері мен құттықтау хаттары жасалды. Мектеп директоры Н.О.Жакупова қонақтарды мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. 8-сынып дайындаған концертік бағадарлама зейнеткерлердің көңілінен шықты. Қонақтар саханаға шығарылып қызықты сұрақтардан тұратын «интервьюге» жауап берді. Алғыс тілектерін білдірді. Мереке әдемі «вальс» биімен аяқталды.

 

Соңынан мерекелік дастархан ұсынылды.

 

1 маусым- Балаларды қорғау күні және жазғы лагерьдің ашылуы

Балаларды қорғау күні және жазғы лагерьдің ашылуы туралы мәлімет


25 мамыр- соңғы қоңырау

Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Негманова Ризагүл Алексеевна, аудандық оқу бөлімсінің маманы Тезекбаева Ерке Бақытбековна және мектептің ардагер ұстаздары, демеушілер, құрметті қонақтар қатарында келіп отырған мектеп түлектері қатысты


7, 9 мамыр


1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мейрамы

Кітапханада кітапханашының ұйымдастыруымен "Ынтымағы жарасқан бір тұтас ел" атты - әдеби-альманах өткізілді.Мектеп оқушылары «Достығы жарасқан- "Мәңгілік ел"» тақырыбымен өткізілген мектепішілік мерекелік концерттік бағдарламаға қатысты.Мәжіліс залында өткен «Достығы жарасқан- "Мәңгілік ел"» атты концерттік бағдарлама барша оқушылар мен ұстаздардың орындауында «Атамекен» әнімен аяқталды. 

 

 


Наурыз мейрамы

Кітаханашы Садуакасова Самалдың ұйымдастыруымен кітапханада «Бесікке салу» салт-дәстүрі көрініс түрінде көрсетілді.Көреремендерге «Ойлан, тап» салт-дәстүрге арналған викториналық сұрақтар қойылды.

 

18 наурыз күні мектептің мәжіліс залында  бастауыш сыныптар оқушыларының - «Қош келдің, әз Наурыз!» мейрамы өтті. Наурыз мейрамы әдемі би, ән шашудан басталды. Аналар бастаған, Қыдыр баба қолдаған «Наурыз қоржыны» керуені  келді.


8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні

-Барлық 1-11 сыныптар аралығында аналарды құттықтауда отбасы бағытында тақырыптық  тәрбие сағаттары өткізілді.Оқушылар аналарына дайындаған концерттік номерлерін -жаттаған өлеңдерін оқыды, әндерін айтты,жылы лебіздерін білдірді.Аналар туралы өз ойларын қағаз бетіне түсірді, ана мен бала арасындағы қарым-қатынас туралы ойын ойналып, соңында өз сыйлықтарын сыйлады.


Жолдауды талқылау


Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.         2017 жылғы 31 қаңтар


Жаңа жыл шыршасы


«Индустрияландыру» күні

12 желтоқсан - 25 жұлдызды күннің «Индустрияландыру» күні. Бұл күні мектептің жоспары бойынша еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

 

Шараның тақырыбы: «Мәңгілік ел- мәңгілік тәуелсіздік тұғыры».Қатысқан ардагерлер: Шарбақты ауданының құрметті азаматы- Қаһарман Қаматайұлы, ардагер ұстаздар- Табылды Қанапияұлы, мектептің алғашқы директоры  Гүлстан Сағынтаевна, ардагер ұстаздар  Галия Төлешовна, Шолпан Қабдрашитқызы, Неведомская Галина Иосифовна, құрметті қонақтар – мектеп мұғалімі Насір  Женсикбайұлы, еңбек ардагері Гүлнар Капсалямовна, қайырымдылықпен айналысып жүрген жас кәсіпкерлер Луиза, Аза Вельхиевалар.

 


«Білім » күні

9 желтоқсан - 25 жұлдызды күннің «Білім » күні.Мектепте барлық сыныптарда  «Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз!» атты бірегей тарихи тәрбие сағаттары өткізілді.Бірегей тарихи тәрбие сағаттары өз деңгейінде өтті.

 

 


Нұрлы жол

7 желтоқсан- «Нұрлы жол» атты жұлдызды күн.Сұрақ-жауап шарасында «Кім көп біледі?»  кезеңінде Қазақстан өміріндегі тарихи көптеген сұрақтарға жауап алынды.

 


«Мәдениет және руханият» күні

6 желтоқсан - 25 жұлдызды күннің «Мәдениет және руханият» күні.  «Мәңгілік ел – ән-жырымның арқауы» атты мерекелік патриоттық әндер кеші өтті. Әндер кеші бастауыш сыныптар мен  5-8 сыныптардың қатысуымен өткізілді.

 


«Ұлт саулығы» күні

Мектепте салауатты өмір салты бағытында тәрбие сағаттары өтті.Бастауыш сынып оқушыларымен мектеп медбикесі Рейдель Н.П. «Денсаулық өз қолымызда!» атты шарасында қызықты сұрақтарға жауап алып, жаттығулар жасатты.

 


«Менің отбасым – елімнің бір бөлшегі»

2 желтоқсан  күні оқушылардың  «Менің отбасым – елімнің бір бөлшегі» атты 1-10 сынып оқушылар арасында  суреттер мен шығарма ,өлеңдер  жүргізілді.Оқушылар суреттер салып қорғады ,өлең жолдарын жазып,оқыды.


«Жас-Ұлан» әскери-патриоттық жарыс

23 қараша күні шекарашылар күніне орай «Жас-Ұлан» әскери-патриоттық жарысы өткізілді. Жарысқа Абай Құнанбаев орта мектебі және Шарбақты ауданы №3 мектеп қатысты, оқушылар жарыта белсенді болды, қызыға қатысты.


Ғылым және ақпараттық технологиялар

30 қараша- 25 жұлдызды күннің «Ғылым және ақпараттық технологиялар» күні. Осы  күнге  орай  мектепте  7А сыныбында  информатика пәнінен  ашық сабақ, 10-11 сынып оқушыларымен  «Ғылыми жұмыстар – дамуға жол»  атты пікірталас  өткізілді.

 

Ашық сабақтың мақсаты: Енгізу, шығару және меншіктеу операторларының  көмегімен есептер шығару  арқылы  шыққан   сандардың   Тәуелсіздігімізге   қатысын   айқындау.


Президент күні

1 желтоқсан- «Қазақстан Республикасы Президенті институты» 25 жұлдызды күнінде «Елбасы күні- елдікке құрмет» атты тәрбие сағаттары өтті.

Тәрбие сағаттары сыныптардың жас ерекшеліктеріне орай түрлі әдістермен ұйымдастырылды.

 

Бастауыш сынып оқушылары Тұңғыш Президенттің өмірімен, балалық шағымен, отбасымен   танысты. 


Ядролық қарусыз әлем

29 қараша- «Ядролық қарусыз әлем» атты жұлдызды күн.

Мектепте барлық сыныптарда «Қазақстан-ядролық қарусыз бейбіт өмірді қолдайды» бейбітшілік сабағы өткізілді.

Мақсаты:Адамзат өміріне қауіп төндірген Семей полиганы, қатерлі қару зардабының әкелген қасіреті туралы, полигонды жабу жолында ерен еңбек еткен адамдарды танып білу арқылы, болашақ ұрпаққа қасиетті ата-баба жерін сақтап қалу патриоттық сезімін арттырып,  Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

 

Тәрбие сағаттарында Семей полигонында болған шындықты көрсететін суреттер қолданылды.

Азаматтық қоғам күні

26 қараша- «Азаматтық қоғам» атты жұлдызды күн. Жұлдызды күні мектептің президент кабинетінде жоғары сынып оқушыларымен «Біздің таңдауымыз- заңды мемлекет» атауымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Мақсаты: Азаматтық қоғамдағы адамның орны, құқықтық білімінің дұрыс қалыптасуы, Отынын сүйетін шыншыл да, әділетті  және парасатты тұлға тәрбиелеу.

Шараны ұйымдастырған: «Адам және қоғам» пәні мұғалімі Абдугалиева А.А.

       


Ұлттық валюта

28 қараша- 25 жұлдызды күннің «Ұлттық валюта» күні. Қазақстан Республикасының «Ұлттық валюта» күніне  орай 1-11 сыныптар оқушыларымен  «ТЕҢГЕ- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СИМВОЛЫ» атты тәрбие сағаттары өткізілді.


Ұлы дала елі

23.11.16. мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі –Тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы бойынша патриоттық шара өтті.

 

Бастауыш сынып оқушыларымен кітапханашы Садуакасова С. ұйымдастыруымен еліміздің тәуелсіздік жолына тарихи шолу жасалды. Оқушылар өлеңдерін арнап, Отанына тілектерін жазды.


Мен және менің полициям

 

-27.10.16. 1-8 сынып оқушыларына мектеп мәжіліс залында Павлодар қаласынан «Страна чудес» қуыршақ театры келіп жол жүру ережесі бойынша қазақ тілінде  қойылым көрсетілді. Қойылым өте қызықты, тартымды және тәрбиелік мағынасы зор, әрі тиімді болды. Театрдың жетекші әкімшілігі- Забелина Н.Ф. мен ұжымына балалар атынан «Рахмет!» айтылып алғыс білдірілді.


Күзгі демалыс

-31 қазан- Патриот күнінде дене дайындығын арттыру, патриоттық тәрбие беру, әскери-патриоттық іс-шараларға қатысуға ынтасын күшейту, демалыс уақытын қызықты өткізу мақсатында әскери-патриоттық «Жігер» клубы оқушылармен  «Мәңгілік ел жастары» атты пікір алмасу сағаты жүргізілді.Сонымен қатар газтұмылдырық кию, автомат бұзып жинау, ОЗК кию, дәлдеп ату және басқа да әскери қолданбалы спорт түрлерінен жарысып, өз білімдерін арттырды.


Еңбек күні

Мектепте мектеп директорымен бекітілген жоспармен іс-шаралар атқарылды.

-Кітапханада «Қазақстанның еңбек ерлері» атты сөре жасалды, оқушыларды ол адамдардың еңбек жолдарымен таныстырылды.

 

-Және кітапханада жоғары сынып оқушыларымен  «Еңбек болашағы» атты интеллектуалды танымдық шара ұйымдастырылды.


«Ақ орамал» атты республикалық акция

22.08.16. күні мектепте тәрбие ісінің меңгерушісі Дауенова Г.З. ұйымдастыруымен «Ақ орамал- бейбітшілік символы» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар қатысты. Аудандық мұсылмандар әйелдері лигасының жетекшісі Сейтахметова Зура Садыковна және лига мүшелері Ләйлә апай мен Күлпаш апай шақырылды.


1 қыркүйек- Білім күні

«Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны «Сәлем, саған сүйікті мектебім!» атты тақырыппен өтті. Білім күні мерекесі- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және еліміздің Конституция күніне арналды.